KZ
Қазақстан Сочи Олимпиадасының алғашқы жолдамасын иеленді

Қазақстан Сочи Олимпиадасының алғашқы жолдамасын иеленді

Расcказать Вконтакте

Шаңғымен тұғырдан секіруде Қазақстан 2014 жылы Сочи қаласында өтетін олимпиада ойындарының жолдамасын иеленді.

"Аламан" спорт агенттігінің мәліметінше, бұл туралы еліміздің шаңғымен тұғырдан секіру федерациясының президенті Андрей Вервейкин айтқан. "Қазақстан былтырғы әлем кубогының кезеңдеріне жиі қатысуының арқасында олимпиада лицензиясына ие болды.

Қазір бізде Сочи ойындарының бір жолдамасы бар. Бұл жолдамамен қай спортшының олимпиадаға қатысатынын алдағы уақытта шешеміз. Енді лицензия санын үшеуге жеткізсек деп отырмыз", - деді федерация басшысы.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel