KZ
"Арқанкерген" шекара бекетінде қаза болған шекарашы жерленді

"Арқанкерген" шекара бекетінде қаза болған шекарашы жерленді

Расcказать Вконтакте

Осы уақытта Алматы облысы, Алакөл ауданының Үшарал қаласында Үшарал шекара жасағының келісімшарт бойынша әскери қызметкері (2484-әскери бөлім), "Арқанкерген" қосынында өлі табылған 14 шекарашының бірі - Рүстем Ақылбаев жерленуде.

Алакөл ауданының әкімдігінен хабарланғандай, шекарашыны соңғы сапарға оның туыстары мен жақындары, қызметтестері мен командирлері, аудан белсенділері мен жерлестері шығарып салуда. Үшаралға ҚР ҰҚК Шекара қызметі "Шығыс" өңірлік басқармасы командирінің орынбасары Мұратбек Серікбаев та келді.

Жерлеу рәсімі мен ескерткішті орнату шығындарын Алакөл ауданының әкімдігі өз мойнына алды. Естеріңізе сала кетейік, Германияға "Шарите" құқықтық медицина институтына жөнелтілген үш мүрденің қалдығына сараптама жүргізу барысында Рүстем Ақылбаевтың ғана тұлғасы анықталды.

Ал қалған мәйіттерден неміс сарапшылары тұлғаны анықтауға жарамды ДНҚ жасушыларын таба алмады. Келісімшарт бойынша қызмет атқарған Рүстем Ақылбаев 1991 жылы Үшарал қаласында туған. Ол Алматы облысындағы "Арқанкерген" бекетінде қызмет еткен 15 шекарашының бірі болатын.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel