KZ
Студент қыз өзіне-өзі қол жұмсады

Студент қыз өзіне-өзі қол жұмсады

Расcказать Вконтакте

Жақында Шымкенттің ір­ге­сіндегі ауылдардың бі­рін­де тұратын бойжеткен қыз кенет­тен өз үйінде асылып қалды.

Оқиғадан хабардар адамдардың сөзіне қарағанда, жексенбіде ол отбасының мүшелері түгелдей үйлерінде болған екен.

Түскі асты ішер алдында 19 жастағы Жансая көрінбей кетіпті. Үйдегілер оған басын жуып жүрген шы­ғар деп онша мән бермеген. Бір кезде тысқа шыққан әкесі қорада тұрған қойы маңырай берген соң не болды екен деп соны көруге барған. Сол кезде отағасы жіпке асылып тұрған қызын көрген. Жансая 1994 жылы туыл­ған екен.

Отбасындағы үш қыз бен бір ұлдың үл­кені. Өткен жылы мектеп бітірген бойжеткен оқуға түсе алмай қалған еді. Ал биыл грант арқылы Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясына қабылдан­ған Жансая аталған­ білім ордасында бар-жоғы 20 шақты күн ғана оқыған.

Оның ешкіммен артық сөзге келмей, ойда-жоқта өз-өзіне неге қол жұмсағаны ешкімге түсініксіз. Ата-анасы қызымыз оқуға түс­ті деп қуанып жүргенде оның соңы мынадай болды.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel