KZ
Жезқазғанда су тасып, екі адам қаза болды (видео)

Жезқазғанда су тасып, екі адам қаза болды (видео)

Расcказать Вконтакте

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында төтенше жағдай орын алды. Қалың жаңбыр салдарынан су жинайтын арық арнасынан асып, екі адамның өліміне себеп болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, апат салдарынан Қостанкелді шағын ауданында 32 үй су астында қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша 55 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 7 адам құтқарылды. Қазір олардың бәрі Жезқазған қалалық №9 орта мектептің ғимаратына қоныстандырылды.

Жезқазған ТЖ басқармасының мәліметі бойынша, екі адам: 36 жасар келіншек пен оның 5 жасар баласы қайтыс болған. "Олардың мәйіттері гараждан табылды, алдын ала болжамдарға сәйкес, олар тоқ соғу салдарынан жан тапсыруы мүмкін", - делінген ТЖ хабрламасында.

Қазіргі уақытта су басып қалған шағын аудан электр тоғынан ажыратылды. Су сору және арықты тереңдетіп қазу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. ТЖ орнында жедел әрекет ету штабы құрылды.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel