KZ

Сыра бөтелкесін көшеге лақтырған Риддер тұрғыны үш тәулікке қамалды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Риддер қаласының тұрғыны қоғамдық орында сыра бөтелкесін сындырғаны үшін үш тәулікке қамауға алынды.

Облыстық соттан хабарлағандай, мас күйінде болған ер адам сыраны ішіп болған соң оны көшедегі жарық шамына лақтырған. Бөтелке жолдың жиегінде сынды.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оның әрекетін ұсақ бұзақылық және қоғамға көрсеткен құрметсіздік деп бағалап, оған үш тәулікке әкімшілік қамауға алыну жазасын берді.

Новости Казахстана
Сыра бөтелкесін көшеге лақтырған Риддер тұрғыны үш тәулікке қамалды
Mailfire view pixel