KZ

Серік Сәпиев үлкен спортпен қоштасуы мүмкін

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның жаттықтырушысы Александр Стрельниковқа "Қарағанды облысының құрметті азаматы" атағы берілді. Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар осындай шешім қабылдады.

Шешімде атап өтілгендей, С.Сәпиев пен А.Стрельников бұл атаққа "Қарағанды облысының және Қазақстан Республикасы спортының дамуына қосқан еңбегі және жеке үлестері үшін" ие болды. Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов мәслихатқа осындай ұсыныспен шыққан еді.

"Облыстың Құрметті азаматтары кітабында сіздер біріншісіздер", - деп атап өтті аймақ басшысы тиісті құжаттарды табыстай отырып. Атақ иелері өздеріне осындай құрмет көрсетілгені үшін ризашылықтарын білдірді. "Барлықтарыңызға рахмет. Алдағы уақытта да сіздерді табыстарымызбен қуантатын боламыз", - деді С.Сәпиев.

"Біз сіздерге өз жұмысымыз арқылы қуанышты сәттер сыйлағанымызды ерекше сезінеміз. Бұдан кейін де көңілдеріңізді түсірмейміз", - деп қосып өтті А.Стрельников. Осы арада журналистерге берген сұхбатында С.Сәпиев үлкен спортпен қоштасуы мүмкін екенін хабарлады.

"Әлі шешкен жоқпын. Барлығы зерттеу қорытындыларына байланысты. Қазан айының басында Германияға қаралуға, одан кейін Карловы Варыға емделуге барамын", - деді ол. Жаттықтырушының айтуынша, сауықтыру-емдеу қаражатын облыстық бокс федерациясы ұйымдастырған.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық боксшы С.Сәпиев Лондондағы Олимпиада ойындарында үздік деп танылған. Алтын медальдан басқа ол жекпе-жектердегі аса үздік техникасы үшін Вэл Баркер кубогын иеленді.

Новости Казахстана
Серік Сәпиев үлкен спортпен қоштасуы мүмкін
Mailfire view pixel