KZ

Лама Шәріп "Мұсылмандардың кінәсіздігі" фильмін көрмепті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф журналистерге берген сұхбатында мұсылман елдерінің ашу-ызасын келтірген "Мұсылмандардың кінәсіздігі" фильмін көрмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бас прокуратура "Мұсылмандардың кінәсіздігін" экстремистік бағыттағы фильм ретінде Сарыарқа аудандық сотына ұсынған болатын. Сот шешімі шыққан кезде біз де бұл фильмді экстремистік деп танитын боламыз. Шешімді күтуіміз керек. Біздің агенттікке бұл фильмге сараптама жүргізу туралы нақты өтініш келіп түскен жоқ. Өзім оны көрген жоқпын", - деді Қ. Лама Шариф.

Айта кетсек, елорда прокуратурасының "Мұсылмандардың пәктігі" фильмін экстремистік деп тануы туралы арызына байланысты алдын ала отырыс Астананың Сарыарқа аудандық сотында 1 қазан күні  өтеді.

 

Новости Казахстана
Лама Шәріп "Мұсылмандардың кінәсіздігі" фильмін көрмепті
Mailfire view pixel