KZ

Ақтөбе облысында сәбізге қақалған бала ажал құшты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Сенбі күні Мартөк аудандық ауруханасында сәбізге қақалып қалған бүлдірші көз жұмды. Ер бала үйде болғанда-ақ тұншығып, жөтеле бастаған.

Атан-анасы оны ауруханаға жеткізді, кезекші дәрігер педиатрды шақыртты, бірақ баланың жағдайы жақсармады. Дәрігерлер жансақтау бөліміне жеткізілген баланың өмірін аман сақтап қала алмады. Ата-анасы оның денесін ашудан бас тарқанымен, дәрігерлер талап етті.

- Денені ашу сәбіздің бифуркацияға түсіп, ауаның жетуіне жолды толық жапқанын көрсетті. Біз қолдан келгеннің бәрін істедік, қажетті процедуралардың бәрін жасадық, бірақ көмектесе алмадық, - деп түсіндіреді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Рафиға Жамалова.

Бүлдіршін бір жас жеті айлық, мұндай жаста сәбіз жеуге кеңес етілмейді, бірақ ешкім де кездейсоқтықтан сақтандырылмаған. "Баланың ата-анасы әзірше сотқа берген жоқ, бірақ бұл олардың құқығы", - дейді Рафиға Жамалова.

Новости Казахстана
Ақтөбе облысында сәбізге қақалған бала ажал құшты
Mailfire view pixel