KZ

Алматыда қолжетімді баспананың алғашқы құрылысы басталды

Расcказать Вконтакте

Алматыда "Қолжетімді баспана – 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі алғашқы тұрғын үйдің құрылысы басталды деп хабарлайды Bnews.kz.

Жобаны "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ қаржыландыруда, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі. "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғызылатын "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-ның алғашқы нысаны – "Асыл арман" тұрғын үй кешені салынып біткен кезде 100 мың шаршы метрге жуық баспана, 2 000-нан астам пәтер пайдалануға берілмек.

28 қыркүйекте Алматыда "Асыл арман" ТК құрылыс жобасы таныстырылады. Жаңа шағын аудан келешегі кемел жерде – Алматы төңірегіндегі Қарасай ауданында ("Алтын орда" базары артында) орналасады. Кездесуде нысандардың құрылысы, тұрғын үйді өткізу тетіктері, қорытындылар мен жоспарлар туралы ақпарат беріледі.

Іс-шараға Алматы облысының әкімдігі, "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ және "ЭлитстройПроект" ЖШС қатысады.

Новости Казахстана
Алматыда қолжетімді баспананың алғашқы құрылысы басталды
Mailfire view pixel