KZ

Қытай еліміздің шығысын жаңғыртады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қытай елі ұсыныс тастады Қытай Халық Республикасы еліміздің шығыс өңірін жаңғыртуға ат салыспақ. Көрші ел, әсіресе медицина, білім мен сауда-саттық саласын дамытуды көздеп отыр.

Сондай-ақ, жасыл өлкені нағыз туристік ортаға айналдыруды жоспарлағандарын да жасырмайды. Шығыс Қазақстан облысы әкімі лауазымында Бердібек Сапарбаевпен соңғы кездесуін Қытай Халық Республикасының Тарбағатай округінен келген делегаттармен өткізді.

Басшылар біршама келісімдерге қол қойып, алдағы күндерге жоспар да бекітті. Мәселен, шығыс Қытайға 200 тонна астық экспорттайтын болады. Сондай-ақ, қазақ көлігі енді көрші елге де жеткізіледі. Қытай тарабы да қарап қалмады. Алдымен Алакөлде демалу орталығын құрмақ ойлары бар екендерін жайып салды.

Сондай-ақ, Черемшан құс фабрикасының дамуына қаржы құйып, Өскеменде жеміс-жидек сақтайтын орын ашу керектігін айтты. Бұл үшін Қытайдан жеміс әкелуге рұқсат та сұрап қалды.

ЖАН ЯК, ҚХР өкілі:

- Шығыс өңірлеріңіз нағыз өнеркәсіпке қолайлы аймақ. Мұнда сөзсіз кез келген саланы жаңғыртуға болады. Бұл біздер үшін таптырмас мүмкіндік.

Новости Казахстана
Қытай еліміздің шығысын жаңғыртады
Mailfire view pixel