KZ

Депутат: "Кедейлер бала тумасын" деген шенеунік кешірім сұрасын

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шенеуніктері көп балалы аналардан жұрт алдында кешірім сұрасын! Депутат Розақұл Халмұрадов "Ақшасы болмаса, көп бала тумасын дейтіндердің мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне моральдық құқығы жоқ" деп отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Серік Ахметов жұмыссыз жүріп босанған әйелдерге қосымша жардемақы бере алмаймыз, адамдар балалы болмас бұрын, жағдайларын ойланулары тиіс" деген болатын.

Бүгін отбасылық міндеттемелері бар еркек пен әйел теңдігі туралы халықаралық құжатты мақұлдаған депутаттар, осы тақырыпқа қайта айналып соқты. Алайда, шенеуніктер біз бір-біріміз үшін жауап бермейміз деп отыр.

РОЗАҚҰЛ ХАЛМҰРАДОВ, Мәжіліс депутаты:

- Серік Ахметов халық алдында кешірім сұрай ма? Қызметте қалуына моральдық құқы бар ма?

БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

-Мен ол туралы айта алмаймын, әріптесіме пікіріңізді жеткіземін.

Новости Казахстана
Депутат: "Кедейлер бала тумасын" деген шенеунік кешірім сұрасын
Mailfire view pixel