KZ

Ақсай шатқалындағы қанды қырғында көз жұмған 5 адам жер қойнауына тапсырылды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Іле-Алатауы Ұлттық табиғи паркінде болған қанды қырғында көз жұмған марқұмдардың мүрдесінің қалдықтары туыстарына берілді. Әзірге 5 адамның мәйіті. Ал бүгін қара жамылған 3 бірдей отбасы марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды.

Сондай-ақ осы "қанды қылмысқа қатысы бар" деген екі күдіктінің есімі білгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы. Олардың бірі - Батыс, екіншісі - Жамбыл облысының тумалары.

19 жастағы Александр Турищев бірден ең жақын үш адамынан айырылып, жалғыз қалды. Егер әкесі: "үйде қал!" деп тастап кетпегенде, бәлкім мен де сол қырғында ажал құшар едім дейді көз жасы көл болған ол.

Сол қанды қырғын Александрды әкесі -Дмитрий, анасы – Светлана және 13 жастағы қарындасы – Валентинадан айырды. Қорықта болған осы қылмыс кезінде жалпы 12 адам  қаза тапқан-ды. Бірақ алғашында өртенген 6 адамның мәйітін анықтау мүмкін болмаған. Сондықтан бір жарым ай сараптама жүргізілді. Енді міне, бүгін марқұмның мүрделері жақындарына берілді. 

Қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер - 1975 жылы туған Саян Хайров, Батыс Қазақстан облысының тумасы және Жамбыл облысының тұрғыны, 1978 жылғы Зауырбек Ботабаев.

Зауырбектің жақындары бауырларын 1 жылдан бері көрмегенін, тек Алматыда жанұясымен бірге тұратынын ғана жеткізді.

Арнаның сенімді ақпарат көзі берген мәліметтерге қарағанда, қорықтағы қанды оқиға шамамен былай болған: төменгі кардондағы Панайот Захаропулоның ұлы Игорь досы Андрей Гузевпен "Ниссан-Патролға" мініп, аңшылық құруға шығады. Бірақ жарты жолда шатыр тіккен қарақшылар тобын жолықтырады. Андрей кері кардонға қашып шығады. Ал Игорь сол жерде-ақ өлтіріледі.

Гузев қорықшы Захаропулоға келіп, екеуі "Нивамен" қылмыс болған жерге қайта аттанады. Алайда олар да ажал құшады. Үш адамды жайратып тастаған топ, Захаропулоның кардонына қарай шығыпты. Бірақ жол ортада куәгер қалдырмас үшін лагерьдегі жұмысшы кемпір Карпызинаны өлтіреді. Ал кардонға келген соң Захаропулоның келіншегі мен оның көмекшісін бауыздап тастайды.

Бұдан кейін топ бірден Алексей Шкелевтің кардонындағы 6 адамды пышақтап өлтіріп, артынан үйді өртеп жіберген. Осылайша барлығын жайратып салған соң, қосымша жол арқылы белгісіз екі көлікке отырып, ізін суытқан. 

Ал екі айға уақытша тергеу абақтысына қамалған жоғарғы қордонның иегесі Алексей Шкелевке қосымша жаңа айып тағылуы мүмкін. Себебі тергеушілер қолында оның қылмыстық топ мүшелерімен ақпарат алмасу үшін жазған СМС хаттары бар екен. Айта кетсек, бұған дейін оған "кардонда заңсыз қару жарақ сақтады" деген айып тағылған еді.

Новости Казахстана
Ақсай шатқалындағы қанды қырғында көз жұмған 5 адам жер қойнауына тапсырылды
Mailfire view pixel