KZ

Өзбекстан президентінің қызы әлемдік чарттарды бағындыруда (видео)

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Өзбек басшының да қызы ән шырқады. Гүлнар Кәрімованың орындауындағы "Round Run" әні ғаламторда жарияланып, көпшілік назарына ұсынылды.

Бірақ президенттің қызы өз атымен емес, "Гугуша" деген лақап атпен шыққан. Бейнеклиптің түсірілімі жаз айында Бұқара қаласында болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Туынды авторларының бірі америкалық режиссер Ави Коуэн түсірілім жұмыстарын көне қалада ұйымдастырған. Жауапсыз махаббат жайлы шырқаған бойжеткен клип соңында паркур шебері Дэниэль Илабакпен кездеседі.

Ал Гүлнар Кәрімованың осы шығармасы америкалық Billboard журналының пікірі бойынша, 2012 жылғы ең үздік 5 туындының қатарына кіріпті.

Новости Казахстана
Өзбекстан президентінің қызы әлемдік чарттарды бағындыруда (видео)
Mailfire view pixel