KZ

Семейлік тұрғын 30 мың теңгеге бола 4 жасар қызды анасымен бірге буындырып өлтірді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Семейде 29 жастағы тұрғын 4 жасар қыз бен оның анасын айуандықпен өлтіріп кетті. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Кішкентай бала мен келіншекті қандықол қарақшы үйдегі зергерлік бұйымдар мен бар-жоғы 30 мың теңгені алу үшін қылқындыра салыпты. Онымен қоймай кетерінде газ баллонын ашып кеткен.

Мәйіттерді жұмыстан оралған шаңырақ иесі тауып, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол жазым болған әйелдің жақын танысы екен. 29 жастағы азамат қылмысын мойындады.

Енді ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Новости Казахстана
Семейлік тұрғын 30 мың теңгеге бола 4 жасар қызды анасымен бірге буындырып өлтірді
Mailfire view pixel