KZ

Адам миының картасы пайда болды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Америка ғалымдары адам миының атласын жасап шығарған. Ол сызбада теңіздер мен мұхиттардың орнында мидың құрылысы анық суреттелген.

Utro.ru-дың хабарлауынша, ма­ман­дар бұл атластың көмегімен адамзаттың ақыл-есін зерттеп, құпияларын ашпақ. Сиетлдегі Алленов институтында құрас­ты­рылып шыққан кескіндемені оқы­мыс­тылар ғаламторға да жариялап үлгеріпті.

Олардың мәлімдеуінше, бүкіл әлемнің ғалымдары адам миының құрылысын зерттеп, өз мағлұматтарымен бөлісе ала­ды. Осылайша, жер бетінде бар зерт­теу­шілер бірігіп, адамның сана-сезіміне қа­тысты тың дүниелерді анықтауға бел бу­ған. Ал атласты құрастыру үшін қаза бол­ған екі ер адамның миы мен үшінші адам­ның миының жартысы қол­да­ныл­ған.

Мамандардың айтуынша, олар ал­ды­мен миды сканерден өткізіп, соңынан бөлшектерге бөліп, ми құрам жеке-жеке зерттелген. Профессор Сет Гранттың мә­лім­де­уін­ше, арнайы ап­параттарға ен­­гі­зілген ми­ды зерттеу арқылы генетикалық ауыт­­қу­лардың адам миына қа­лай әсер ететінін анықтауға болады.

Ға­лымдар алдағы уақытта дәл осындай зерт­­теуді әйел адамның миына жа­са­мақ. Айта кетер жайт – өткен аптада ше­телдік ғалымдардың адам жадын бас­қа­рудың жолын тапқандығы белгілі болды. Ен­ді олар депрессияға түскен адам­дар­дың ба­сындағы қиын­шылық­тар­ды өші­ріп, кө­мек бере алады.

Новости Казахстана
Адам миының картасы пайда болды
Mailfire view pixel