KZ

Қазақстанның интернеті "жартылай еркін" деп танылды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақстан Интернеттегі бостандық бойынша "жартылай еркін" ел деп танылды. Бұл туралы дүйсенбі күні "Фридом хаус" құқыққорғау ұйымы жариялаған 2012 жылғы Интернеттің бостандығы туралы баяндамада айтылды.

Бұл баяндамада барлық елдер Интернеттегі бостандық бойынша үш топқа топтастырылған - еркін, жартылай еркін және еркін. Еркін елдердің тізіміне 30 мемлекет кірді. Онда Эстония көш бастап тұр. Бұрынғы КСРО елдерінің арасында оған Украина және Грузия енген.

Жартылай еркін мемлекеттердің тізіміне 26 республика енді. Бұрынғы КСРО елдерінің ішінде оған Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан мен Қырғызстан кірді.

Интернетте еркіндігі жоқ деп 26 мемлекет танылды. Онда бұрынғы КСРО елдерінің арасында Қырғызстан байқалды. "Фридом хаус"-тың пайымынша, Интернетте еркіндікті қамтамасыз ету бағытында ең мүшкіл жағдай Қытайда, Куба мен Иранда қалыптасып отыр.

Новости Казахстана
Қазақстанның интернеті "жартылай еркін" деп танылды
Mailfire view pixel