KZ

Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі қазақ тілін меңгертудің жолын тапты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Астанадағы агротехникалық университет оқытушылары қазақ тілін қаншалықты меңгергендеріне байланысты жалақы алады.

Бұл туралы жоғарғы оқу орнының ректоры Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді. Қазақ тілін меңгеру мәселесі ғылыми кеңесте талқыға түсіп, көпшіліктің қолдауын тауып, бекітіліпті. Бұл келер айдан бастап жүзеге асырылады.

Университет басшысының айтуынша, оқу орнында мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты көп жұмыстар істелуде. Оның бірі – жыл сайын дәстүрлі түрде қаладағы студенттер арасында өткізілетін үш тұғырлы тіл сайысы. Биылғы байқауға өзге ұлт өкілдерінен 72 студент қатысты.

Ақылбек Күрішбаев, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры:

- Енді әрбір факультетте, әрбір кафедрада қазақ тілінде жүргізілмеген іс қағазы болса, олар жалақыны төмен алатын болады. Сөйтіп, енді қазір жалақы да мемлекеттік тілге байланысты.

Новости Казахстана
Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі қазақ тілін меңгертудің жолын тапты
Mailfire view pixel