KZ

Елбасы туралы фильм түсіріліп жатқанда төтенше жағдай орын алды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Теміртау қаласында Елбасы жайлы фильмнің түсірілімінде төтенше жағдай орын алды. Декорация ретінде жасалған көпір қирап, оның үстінде тұрған 10 адам 2 метрлік биіктіктен құлады.

5 адамды ауруханаға жеткізуге тұра келген деп хабарлайды КТК арнасы. Оның 3 -уіне медициналық көмек көрсетіліп үйлеріне жіберілсе, қалған екеуі ауруханада жатыр. Тіпті біреуінің аяғы бірнеше жерден сыныпты.

Даяна Саркисян фильм түсіріліміне кездейсоқ келдім дейді. Мектептен шығып бара жатып, құрбысының айтқанымен түсірілу алаңына келгеніміз сол еді дейді. 60-шы жылдағы үлгіде шырттай киініп, көпір үстіне шығып тұрған. Одан кейін тек ауруханада есін жиған.

Даяна Саркисян, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Астымыздағы ағаштан жасалған көпір іспеттес зат қисайды да құлап бара жатқаныын білем. Бір есімді жинасам отыр екенмін. Жедел медициналық көмек көрсетілді. Бүгін туған күнім еді. Ауруханада жатам деп кім ойлаған?

Теміртаудың "ескі қала" аталатын осы бөлігі ешқандай декорациясыз-ақ 60- шы жылдардағы көріністі айна қатесіз еске түсіреді. Тіпті мұнда шетелдік режиссерлер де келіп, өздеріне керекті көріністерді алып кетеді екен. Ал отандық киногерлер бұл жерге ұлт көшбасшысының жастық шағы жайлы фильм түсірмекке арнайы бас сұққан. Бірақ осы уақытқа дейін жасап жатқан дүниелерін олар қызғыштай қорғап келді. Сырт көзге жария қылмай құпия түрде, тек президентке тосынсый жасаймыз деп, әсіресе БАҚ өкілдерін маңайлатпап еді. Тосынсыйлары төтенше жағдайға айналғанда ғана бет жүздерін көрсетті.

Гүлшат Задорожнева, фильмнің продюсері:

- Көпір үстіндегі барлық адам бір жерге шоғырлана қалмасы бар ма? Шашырап тұрыңдар деп айтып үлгергенше, салмаққа шыдамаған ағаштар опырылып түсті. Негізі киноөндірісте мұндай жағдайлар болып тұрады.

Рүстем Әбдрашевтың “Қазақфильмен” бірлесіп жасап жатқан туындысы қазан айының соңында бітеді екен. Түсірілгені "көсбасшы жолы" фильмінің 2-3 ші бөлімдері. Аталған жайт, түсірілімге еш кедергі болған жоқ дейді ұйымдастырушылар. Ал аурухана төсегіне таңылған актерлерін материалдық көмектен кенде қылмаймыз деп қалды.

Новости Казахстана
Елбасы туралы фильм түсіріліп жатқанда төтенше жағдай орын алды
Mailfire view pixel