KZ

Europeantour: Қазақ баласы әлемді таңғалдырып жүр

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Europeantour интернет-порталында гольфші қазақ баласы Дәулет Төлеубаев туралы мақала жарық көрді.

Фото: Нұр Астана

Осы ақжолтай ақпаратты "Нұр Астана" газеті оқырмандарға "сүйінші" сұрап, жеткізуді жөн көріпті. "Оның бапкері әлемге әйгілі гольфші Буч Хармон және ол Американың жарық жұлдызы Мэтт Кучармен бірге жаттығады. Ол АҚШ-та алғашқы белестерін бағындырып та үлгерді. Алайда, оның жасы небәрі 13-те.

Таныс болыңыздар: қазақстандық Дәулет Төлеубаев. Төлеубаев өзінің алғашқы жетістігіне он жасында, 2009 жылы Kazakhstan Open турнирінде қол жеткізді. Кейіннен Challenge Tour ‘Major’ жарысының жеңімпазы атанды.

Биыл да Дәулет әлемді үздіксіз тамсандырып келеді. Оның бағын ашқан жарыс – сегіз жыл бұрынғы European Challenge Tour бәсекесі. Болашағынан үміт күттіретін қазақ өрені жаттығуының басым бөлігін АҚШ-та, Хармонның қол астында өткізеді. Хармон Дәулетті 14 жасқа дейінгі халықаралық рейтингте бірінші орынға жететініне сенімді. Шахматты да жақсы ойнайтын Төлеубаев өзінің Қазақстаннан шыққан алғашқы кәсіби гольфші болатынына сенімді әрі болашақта өз елінде гольфті дамытуды көздейді.

"Мен гольф ойнауды сегіз жасымнан бастадым. Одан бері аз ғана уақыт өтті. Мен өте жоғары жетістікке қол жеткіздім. Алайда, мен орта жолда тоқтап қалуға тиісті емеспін. Болашақта бұдан да биік шыңдарды бағындыруым керек. Қазақстан атынан халықаралық жарысқа қатысқан тұңғыш ойыншы атанғаныма қуаныштымын. Бүгінде біздің елде гольф қарқынды дамып келеді. Гольфқа қызығатын балалардың саны арта түсті. Жаңа толқын жаңа белесті бағындыра бастады", дейді Дәулет.

Қазақ гольфінің қадасын қаққан, алғаш қалыптастырған – Константин Лифанов Төлеуовтың алғашқы жаттықтырушысы. 13 жастағы өреннің болшағынан үлкен үміт күткен ол Дәулетті Challenge Tour-дағы жеке клубында жаттығуына мүмкіндік жасады.

"Константин – менің алғашқы жаттықтырушым. Ол мені гольфтің қыр-сырына баулыды. Мен 2009 жылы Эндрю Макартурмен бірге балалар бәсекесінде ойнағанда қатты қуандым. Қазір тұрақты турнирде өнер көрсетемін. Қандай керемет! Қазіргі жаттығу алаңы маған өте тиімді. Клуб менің үйіме жақын орналасқан. Сол себепті мен күн ұзағына жаттыға аламын. Танымал ойыншылардың қасында жүргенде олардың өнеріне таңғаламын. Мен болашақта олармен бәсекелес бола алатыныма сенімдімін".

Новости Казахстана
Europeantour: Қазақ баласы әлемді таңғалдырып жүр
Mailfire view pixel