KZ

Лама Шәріп католиктердің Қазақстанда көбейіп кету қаупі жоқ деп сендірді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қасиетті Тақпен қатынас орнағанымен, католиктердің Қазақстанда көбейіп кету қаупі жоқ.

Бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасына орай депутаттар сауалына жауап берген ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті.

Талқылау барысында депутат Розақұл Халмұрадов келісімге сәйкес, католик шіркеулері тіркеліп оларға басқа мемлекеттің өкілдік берілген адамдары тағайындалатынын айтты. "Бұл дұрыс та шығар. Ал семинариялар, колледждер, мектептер немесе тәрбие мекемелерін ашуға рұқсат беріп, соны заңды тұлға деп тіркеудің Қазақстан үшін қаншалықты қажеттілігі бар?", - деп сұрады депутат Р. Халмұрадов Дін істері агенттігінің төрағасынан.

Өз кезегінде Қ. Лама Шариф өткен 20 жылдың ішінде еліміздегі Рим католик шіркеуі 81 приходқа ғана ие болғанын, соның ішінде бір семинария Қарағанды қаласында бар екенін айтты. "Тамыз айында Қарағанды қаласында Орталық Азиядағы ең үлкен шіркеулерін ашты. Сондықтан да, алдағы уақытта бұлардың кеңеюіне табиғи жағынан еш мүмкіндік жоқ. Өйткені, Қазақстанда 150 мың католик бар деп есептеліп отыр. Сондықтан да, қазіргі 80 приходпен солардың діни қызметін, діни рәсімдерін орындауға толық мүмкіндіктер беріледі. Алдағы уақытта бұдан басқа семинариялар ашылуы мүмкін үрдісті көріп отыған жоқпыз", - деп жауап берді Дін істері агенттігінің төрағасы.

Бұдан бөлек, агенттік төрағасы шетелдік миссионерлердің елімізге келіп-кетуі жаңа заң талаптарына сәйкес, қатаң бақылауда болатынын мәлімдеді.

Новости Казахстана
Лама Шәріп католиктердің Қазақстанда көбейіп кету қаупі жоқ деп сендірді
Mailfire view pixel