KZ

Обама мұсылман елдеріндегі америкалықтарды қорғауға шақырды

Расcказать Вконтакте

АҚШ президенті Барак Обама мұсылман елдерінің басшыларын сол елдерде жүрген америка азаматтарын қорғауда қосымша шаралар қабылдауға шақырды.

Бұл мәлімдемені ол CBS телеарнасында жасады. Бұған дейін Обама шетелдердегі америкалық нысандардың, әсіресе дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігін күшейтуге шақырған еді.

АҚШ-тың бұл қадамы осы елде түсірілген исламға қарсы "Мұсылмандардың күнәсіздігі" атты фильмге деген мұсылмандардың наразылығынан соң туындап отыр. Фильм таяуда Youtube сайтында араб тілінде жария болған соң өткен аптада бірқатар мұсылман елінде оған деген антиамерикалық наразылықтар басталды. Бір апта ішінде болған қақтығыстарда 19 адам қаза тапты.

Оның төртеуі - америкалық. Ал Пекинде сейсенбіде Жапонияның Қытаймен арадағы даулы аралдарды иемденуіне наразылық танытқандар АҚШ елшілігінің маңында елшінің көлігін қоршап алып, көлікке болмашы зақым келтірді. Елші Гэри Локк запдап шеккен жоқ. Жапонияның одақтасы ретінде Қытайдағы АҚШ өкілдіктері де қарсылық нысанасына ілігіп отыр.

Новости Казахстана
Обама мұсылман елдеріндегі америкалықтарды қорғауға шақырды
Mailfire view pixel