KZ

Болмановтың компаниясына қатысты кезекті шу шықты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановқа қатысты кезекті шу шықты. Осы жолы Қыдырәлі Нұртайұлы басқаратын "Бал-бала 7" серіктестігі тігін тігетін серіктестік алдында қарызға батқан көрінеді.

Қуыршақтарға эксклюзивті киім-кешек тігумен айналысатын "Сымбат" сән академиясы "Бал-баланың" екі жарым миллион теңге көлемінде қарызын қайтармай отырғанын айтуда.

ҒАФУРА ДҮЙСЕБАЕВА , "СЫМБАТ СӘН АКАДЕМИЯСЫ" ЖШС ЗАҢГЕРІ:

- Қазіргі күнде "Бал бала 7" ЖШС "Сымбат"сән академиясының алдында 2 миллион 400 мың теңге қарыз. Біз бірнеше рет Қ.Болмановпен сөйлестік, орындаушы директорымен сөйлестік. Төлеңіздер деп өтіндік. Бірнеше мемлекеттік органдарға жазбаша хат жолдадық. Ешқандай нәтиже болмады.

Мәселеге 7 арна тілшілері араласқаннан кейін ғана, "Бал-бала 7" серіктестігінің басшылығы қарызды жуық арада қайтаратындарын айтып ақталды. Қайтарылмаған қарыздары жайлы серіктестік директорының орынбасары Арман Шуманах телефон арқылы былай деп түсінік берді.

АРМАН ШУМАНАХ, "БАЛ-БАЛА 7" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ :

- Қарыздың 60 пайызын төлеп қойдық. Енді 2 миллиондай берешегіміз бар. Бірақ біз бұл қарызымызды төлеуден бас тартып отырған жоқпыз. Төлеп береміз. Барлық құжаттарын рәсімдеп қойдық, қалғанын ертең шоттарына аударамыз.

Новости Казахстана
Болмановтың компаниясына қатысты кезекті шу шықты
Mailfire view pixel