KZ

Жұлдыздар салмақ тастау үшін қазы-қарта жеуге кеңес берді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақ эстрада жұлдыздарының кейбіреуі артық салмақпен күресу үшін астан тартынуға да, уақытының көбін спорт залда өткізуге де дайын.

Көпшіліктің назарында жүретін олар, дене бітімінің қалыпты, сахнада сымбатты болып көрінуі әрбір өнер адамының міндеті деген пікірде.

Көпшіліктің көз алдында жүрген өнер адамдарының сырт келбетін сымбатты ұстауға тырысатыны белгілі. Алайда барлығы бірдей тұла-бойының тартымды болуы үшін, тер төкпейді. Мәселен Мақпал Жүнісова, небәрі бір аптаның ішінде 4-5 келі салмақтан қиналмай құтыла алады. Тек жеке концертіне бір апта қалғанда, нан, ет, май сияқты өнімдерден бас тартса болғаны. Бір стақан жылы суға бір ас қасық бал қосып ішетін әнші, күнделікті өмірде тамаққа шектеу қойып, арнайы диета ұстап көрмеген.

Ал тамақты талғаммен жейтін танымал әнші Ақбота Керімбекова, айран, сүт сияқты ағарғанды көбірек пайдалануға кеңес береді. Бірақ, "әнші" екенмін деп табиғат берген жаратылысымды дене жаттығуларын жасау арқылы қалыпқа келтіруге келіспеймін деді.

АҚБОТА КЕРІМБЕКОВА, әнші:

- Бет албаты тамақ жей бермеймін. Тек ұнды тағамдарды қолданбаймын.

Жарын бір елі қасынан тастамайтын Жанболат, қашан көрсеңіз де бір қалыпта. Дене-бітімі өзгермейтін эстрада жұлдызы, денсаулыққа зияны тимесе, диета ұстауға қарсы емес. Алайда, үнемі гастрольдік сапарларда жүретін отағасы, тамақты шектеп көрмепті. Бүгінде қойдың етінен үзілді-кесілді бас тартқан Жанболат, майға қуырылған еттен гөрі, асып жеген жылқы еті әлдеқайда пайдалы дейді. Сондай-ақ, бал мен балықты жиі қолданатын ол, өзге асқа тәбеті болмаса да, тәттіден ешуақытта тартынбайтынын айтып қалды.

ЖАНБОЛАТ, әнші:

- Шоколадтан бас тарта алмаймын. Әсіресе, түнде ұйықтар алдында көп жеймін.

Ерке күлкісімен елінің сүйікті әншісіне айналған Жазира, өмірінде бес күн ғана диета ұстапты. Оның өзінде артық салмақтан арылу үшін емес. Денсаулығын қалпына келтіру мақсатында. Жазира, шұжықты қазыға алмастырған жөн дейді. Сондай-ақ, қайнатылған балық пен сұлы сүті де ағзаға таптырмас тамақ екенін айтады.

ЖАЗИРА, Әнші:

- Біздің дастарханда жылқы еті, бал міндетті түрде тұрады. Ұлым қант сұраса, шай құйғанда бірден ішіне бал салып беремін.

Тал мүсінді болу үшін спортпен айналысып, тіпті айлап-жылдап арнайы кестемен ғана тамақтанатын да тұлғалар аз емес. Алайда, талантымен халқын тәнті еткен Ақбота Керімбекова, Мақпал Жүнісова сияқты жандарға алдыңғы орында дене-бітім емес, әндерінің тыңдаушысы көп болғаны маңызды.

Новости Казахстана
Жұлдыздар салмақ тастау үшін қазы-қарта жеуге кеңес берді
Mailfire view pixel