KZ

Депутат ауыл жастары әділетсіздікке ұшырап отырғанын айтты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қала мектептері мен ауыл мектептерін салыстыруға келмейді. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті.

Сөз арасында депутат Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде білім беру сапасын жақсартып, қарқынды дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар атқарылып жатқанына тоқталды. Мәселен, оның айтуынша, осы салаға ел бюджетінен бөлінетін қаражат жалпы ішкі өнімнің 5 пайызын құрайды. Жүздеген мектептер мен балабақшалар ашылды.

"Осы Елбасы алға жүктеген талаптар тұрғысынан алғанда халқымыздың 47 пайызы тұратын ауылдық жерлерде білім беру сапасын арттыру әлі де көбірек көңіл бөлуді керек етеді. Жуырда, өңірлерге барған іс-сапарымыз барысындағы кездесулерде сайлаушылар жоғары білім алу ауыл жастарына қол жетімсіз болып бара жатқаны туралы мәселелер көтерді. Өйткені, заманауи интерактивтік техникалармен жабдықталған, материалдық-техникалық базасы жақсы дамыған қала мектептері мен қарапайым интернетке толық қосылмаған ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын салыстыруға келмейді", - дейді Қ. Айтаханов.

Соның салдарынан ауыл түлектері жоғары оқу орындарына түсу кезінде мемлекеттік грантты жеңіп алуда бәсекеге қабілетсіз болып отыр. Сондықтан да, ауыл жастары амал жоқтығынан ақылы оқу орнына түсуге мәжбүр болуда.

"Ал, ақылы оқуды кез келген ауыл баласының қалтасы көтере бермейді. Алғашқы жылдары қолындағы малын сатып болса да, баласын оқытқанды тәуір көретін ауыл тұрғандарының жыл сайын қымбаттап бара жатқан оқу ақысын төлеуге шамасы жетпеуге айналды. Талай ғалым мен дарындардың ауылдан қарапайым отбасылардан шыққанын ескерсек, мұның өзі ауыл жастарына жасалып отырған әділетсіздік екені сөзсіз", - деді сенатор Қ. Айтаханов.

Новости Казахстана
Депутат ауыл жастары әділетсіздікке ұшырап отырғанын айтты
Mailfire view pixel