KZ

Қазақстандық оқушылар мектепте алған білімдерін қолдана білмейді

Расcказать Вконтакте

ПИЗ Халықаралық білім сапасы рейтингін шығару агенттігінің мәліметі бойынша, қазақстандық оқушылар білімдерін тәжірибеде көрсете алмайтын елдердің қатарында тұр.

Бұл туралы 1tv.kz тілшісіне "Сандж" зерттеу орталығының маманы Айнагүл Шәріпбаева мәлім етті. Оның айтуынша, бұл бюджеттік қаржының тиімсіз қолданылуымен түсіндіріледі.

"Білім беруге жұмсалатын қаржының көлемі 2003 жылдан бері жеті есеге дейін өскен. 149,5 миллиард теңге болған, қазір триллионға жетті. Алайда бұған қарамастан, білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын артуда. Жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік шығындар үлесі 2011 жылы 3,8 пайызды құраған болатын. Бұл ЮНЕСКО белгілеген деңгейден 5-6 пайызға төмен", - деді Шәріпбаева.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бір оқушыға кететін жылдық шығын 1100 долларды құрайды екен. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Жапония сияқты елдерден айтарлықтай артта қалады. Ол елдерде бір оқушыға жылына 9446 және 7615 доллардан кетеді. Айта кетейік, "Сандж" орталығы өкілінің пікірінше, мектептердегі әр оқушыны қаржыландыру жүйесін енгізу бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мәселесін шешеді.

Новости Казахстана
Қазақстандық оқушылар мектепте алған білімдерін қолдана білмейді
Mailfire view pixel