KZ

Астаналықтар 100 сағат тегін еңбек етіп пәтерді арзан бағамен ала алады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру мақсатында, Астана қаласында қоғамдық ұйымдардың көшбасшыларымен, еңбек ұйымдарының жас мамандарымен, азаматтық сектордың өкілдері және үздік жастар мекемелерімен Жалпыға Ортақ Еңбек Одағы құрылған болатын.

Фото: BAQ.KZ

Үш ай ішінде бұл Одақ мыңдаған еңбек етуші Қазақстандықтарды өз аясына біріктіріп, жүзге жуық кездесулер өткізіп, ендігі кезекте "Бақытты отбасы" атты жобаны жүзеге асырғалы отыр. Елімізде осыған дейін мұндай жоба жүзеге асырылмағандығын атап өтуге болады.

"Бақытты отбасы" жобасының негізгі міндеті – әрбір қазақстандыққа – қол жетімді әрі қолайлы баспана. Әрбір ынталы республика азаматы өз пәтерінің құрылысына қатыса алады. Яғни, 100 еңбек сағатын өтеу арқылы орташа бағамен өз баспанасына қол жеткізеді. Қазіргі кезде Астана қаласында таза өңделген пәтердің бағасы 1500-1600 долларды құрайды, ал жоба бойынша 1200 доллар ішіне таза өңделген пәтер мен жиһаз, тұрмыстық техника және автотұрақтағы орын кіреді.

Аталмыш "Бақытты отбасы" жобасы барша қазақстандықтарға біреудің есебенде күн көру және қамқоршылдықпен күресушілердің жарқын өмірі мен болашағының айқын көрінісінің үлгісі болады. Сонымен қатар барлық жұмыс мемлекеттің, бизнес пен азаматтардың тығыз өзара іс-қимылы негізде құрылуы тиіс екендігін және қоғам мен жеке адам мүддесінің рационалды тепе-теңдігін қамтамасыз ету арқылы, әлеуметтік белсенділіктің дамыту керек екендігін көрсетеді.

Сондықтан, Жалпыға Ортақ Еңбек Одағының мүшелері біздің қаламыздың әкімі И.Н.Тасмағамбетовке "Бақытты отбасы" қалашығының құрылысына жер бөлінуінде өтініш білдіре отыра, мыңдаған астаналықтар үшін өз қолдарымен өздерінің бақыттарына қол жеткізу үшін, кішкене болса да қазақстандық жердің бір түйірі табылады деп ойлаймыз. "Бақытты отбасы" атты жобаның таныстыру рәсімі ертең өткізіледі.

Новости Казахстана
Астаналықтар 100 сағат тегін еңбек етіп пәтерді арзан бағамен ала алады
Mailfire view pixel