KZ

Қазақстандықтар Ресейде шығарылған Camry автокөліктеріне мінеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бүгін Алматыда "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС 22 қыркүйектен бастап барлық диллерлік орталықтарында Ресейде шығарылған Toyota Camry автокөліктерін Қазақстанда сатуды бастайтындығы туралы хабарлама таратты.

Фото: neza.yvision.kz

Олар Санкт-Петербор "Тойота Мотор Мануфэкчуринг Россия" ААҚ зауытында жасалған. Онда жүргізілетін әрбір операцияны қатаң бақылау және үдерістердің стандартты түрде жүргізілуін сақтау бұл автокөліктердің жоғары сапа стандарттарына сәйкес екендігін дәлелдеді.

Осыған орай, "Тойота Мотор Қазақстан" енді Жапонияда шығарылған Camry автокөліктерін сатуды тоқтатады. "Ресейде шығарылған Camry-ді импорттау - "Тойота Мотор Қазақстан" үшін тарихи оқиға болып табылады. Бұл біздің Кеден одағының аумағында ерікті тауар айналымын қолданудағы бірден бір қадамымыз. Диллерлік орталықтарды берілген көлік моделімен мол мөлшерде қамтамасыз ету, жеткізу уақытын қысқарту және қолайлы бағасы Ресейде шығарылған Camry автокөлігін сатып алушы қазақстандықтар үшін тиімді. Біз бұл Camry автокөлігінің сапасы жағынан жапондық моделінен кем түспейтіндігіне сенімдіміз. Қазақстанда оның бір жылдық бастапқы сатылым көлемі 2 мың автокөлікті құрайтын болады және сұраныстың артуына орай сатылым мөлшерінің ұлғаюы бұдан ары қарай да өсуі жоспарлануда", - деді "Тойота Мотор Қазақстан ЖШС-нің президенті Шинго Като.

Санкт-Петербор қаласының Шушары өнеркәсіп аймағында орналасқан Петербордағы "Тойота Мотор Мануфэкчуринг Россия" ААҚ зауыты Camry автокөліктерін 2007 жылдың желтоқсан айынан бастап шығарады. Төрт жыл ішінде онда 50 мыңнан астам автокөлік жасалды.

Ал 2011 жылы бұл зауытта Toyota Camry-дің жаңа буынын шығару жұмыстары басталды. Жалпы Ресейде шығарылған барлық Camry автокөліктері, Қазақстанның жол және ауа-райы жағдайларына толық бейімделіп, суық ауа-райына және жолсыздыққа арналған керек-жарақтарымен жабдықталып, коррозияланудан сақтайтын материалдармен өңделген.

Новости Казахстана
Қазақстандықтар Ресейде шығарылған Camry автокөліктеріне мінеді
Mailfire view pixel