KZ

Ақтөбеде ұрылар бейнебақылау камерасын ұрламақ болған

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ақтөбеде жұмыс істеп тұрған бейнебақылау камерасын ұрламақ болған ұрылардың өздері күлкілі жағдайға тап болған.

Әрбір қимылды жазып отыратын құрылғы қара пиғылды азаматтарды түсіріп алғандықтан, оларды ұстау қиынға соқпапты. Екі ай бұрын үш бақылау камерасын орнатқан зейнеткер Василий Биденко, құрылғыларының жоғалып кеткенін таңертең байқаған.

Алайда ұрылар құнды камералардың екеуін алысқа арқаламапты. Қожайын бейнебақылау құрылғысын қақпа алдындағы ағаш басынан тапқан. Артынан белгілі болғандай, жазба камераларды қолды қылғысы келген екі ер азамат, қолғап киіпті. Алайда ұрылар, камераның бет-бейнені жазып, автоматты түрде үйдің ішінде орнатылған компьютерге шығатынын білмесе керек. Қателіктерін кеш түсінген олар, камераларды тастай қашқан. Қазір ұрыларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

ВАСИЛИЙ БИДЕНКО, Зейнеткер:

- Жоғарыда тұрған камераны алу оңайға түспегендіктен, біреуі оны таспен ұрғылап алмақ болған. Сөйтіп ауада қалып қойған құрылғы ұрыларды түсіріп алған.

Қазір олардың жасы мен нәсілін біліп отырмыз. Беттері де айқын көрініп қалған.

Новости Казахстана
Ақтөбеде ұрылар бейнебақылау камерасын ұрламақ болған
Mailfire view pixel