KZ

Euronews "Жаужүрек мыңбаланы" эпикалық туынды деп атады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Euronews арнасы Ақан Сатаевтың "Мың бала" фильмін Қазақстандағы қомақты бюджеті бар тарихи-эпикалық фильм деп хабарлады

"Мың бала" – XVIII ғасырдағы жан алысып, жан беріскен соғыс, жақсылықтың жамандықтан басым түсуі және махаббат туралы фильм. Түсірушілер фильмнің Қазақстан халқының шынайы бейнесін көрсететініне сенімді. Әрі халықаралық аренада көрермендер жүрегін жаулап алады және Қазақстан фильм индустриясына пайда түсіреді деп күтілуде" – дейді Euronews.

Айтқандай-ақ, "Мың бала" қазақ көрермендерінің көзайымына айналып үлгерді. Басты рөлге 22 мың баланың ішінен жалғыз біреуінің таңдап алынуы фильмнің кәсіби жоғары деңгейде түсірілгенін білдіреді. Мамыр айында үлкен экранға жол тартқан "Мың бала" алғашқы аптаның өзінде миллион еуро табыс тапқандығын хабарлайды Euronews арнасы.

Бұл сома әйгілі "Аватар" фильмі алғашқы аптада түсірген пайдасына тең. "Фильмнен Қазақстанның халықаралық киноаренада өзін мойындатуға тырысқаны байқалады. Саша Барон Коэннің Қазақстан журналисі туралы комедиялық туындысы Нью-Йоркта сынға ұшыраса да, жетістікке жетіп үлгерді. Алайда, фильмнің кей әзілі шектен шығып кетеді. "Бораттың" шыққанына алты жыл өтсе де, жаманаты әлі қалар емес". Боратқа кеткен есені "Мың бала" қайтарады деп үміттенгеніміз белгілі. Euronews "мойындатуға тырысқаны байқалады" деп жазады.

Фильм арқылы төл тарихымызды әлемге танытқанның айыбы жоқ. "Мың бала" әлем киносының көшін бастап жатса, Қазақстанды "Бораттың елі" деп білетіндердің аузына төрт елі қақпақ болатыны анық.

Новости Казахстана
Euronews "Жаужүрек мыңбаланы" эпикалық туынды деп атады
Mailfire view pixel