KZ

Ильин үйлену тойына әртістерді шақырмай, өзі ән айтты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин кеше өзінің үйлену тойында ән шырқады. Бұл туралы той қонақтарының бірі BNews.kz тілшісі хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, үйлену тойында арнайы шоу-бағдарлама болмаған және эстрада жұлдыздары да шақырылмапты. Алматылық қонақтардың алдында өнер көрсетуге қызылордалық атақты әнші Самал Байсейітова арнайы келіпті.

Әншіге техникалық ақаулықтарға байланысты әнді музыкасыз шырқауға тура келді. Осы кезде күйеу жігіт еш қысылмастан Байсейітовамен бірге шығып, екеуі музыкалық сүйемелдеусіз қазақтың халық әнін орындады.

Қонақтар той қазақы дәстүрмен өткенін ерекше атап өтуде. Үстел басында қазы-қарта, бауырсақ жатты, атап өтерлігі, алкоголдік ішімдіктер қойылмады. Қонақтар, оның ішінде ресми тұлғалар тойдың соңына дейін болды.

Еске сала кетейік, ауыр атлет Илья Ильин мен гандболшы Наталья Кулакованың некелесу салтанаты кеше кешке Алматы ресторандарының бірінде өтті.

Новости Казахстана
Ильин үйлену тойына әртістерді шақырмай, өзі ән айтты
Mailfire view pixel