KZ

Иракта бір күнде лаңкестік оқиғалардан 100 адам қаза тапты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Иракта жексенбіде болған бірнеше жарылыс пен шабуылдан қаза тапқандар саны 100 адамға жетті.

Кеше Ирак соты елден қашып кеткен бұрынғы вице-президент Тарик әл-Хашемиді сырттай өлім жазасына кескен соң 13 қалада теракті болған. Бағдадтың өзінде шииттер тұратын 6 ауданда жарылыстар болды.

Исламның сүнниттік бағытын ұстанатын Тарик әл-Хашеми "өлім эскадронын құрды" деген айып тағылып, сырттай өлім жазасына кесілді. Ол өткен жылы желтоқсанда өзін тұтқындауға ордер берілген соң елден қашып кеткен.

Шииттер басқаратын Ирак үкіметі Хашемиді 2005-2011 жылдар аралығындағы терактілерді ұйымдастырды деп айыптаған. Бірақ ол өзіне тағылған айыпты мойындамай, қылмыстық іс сүнниттерді қудалау үшін қолдан жасалды дейді.

Читайте также
Иракта бір күнде лаңкестік оқиғалардан 100 адам қаза тапты
Mailfire view pixel