KZ

Түркияда әйел өзін зорлаған еркектің жыныстық мүшесін атып, басын кесіп алған

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Өзін зорлаған еркектің басын алды түркиялық әйел өзін зорлаған еркектің "жазасын" берді. Қолына қару алған жәбірленуші алдымен ер азаматтың жыныстық мүшесінен атқан.

Әбден қорлығы өтсе керек, түрік әйелі мұнысымен қоймай қансырап өлген еркектің басын кесіп алып, қаланың орталық алаңына алып шығыпты. Өзінің бұл әрекетін ол өзге жандарға сабақ болсын деп жасағандығын айтты.

26 жастағы Невин Йилдиримнің айтуынша, ол тек қана өз арын қорғаған. Күйеуін ұзақ күндік жұмысқа аттандырғаннан кейін күйеуінің туысы келіп Невинді зорлаған екен. Мұнысымен қоймай, 35 жастағы Нуреттин Гидер біреуге айтсаң "бала-шағаңмен қоса көзіңді құртамын" деп қорқытыпты.

Екеуінің арасындағы байланыс 8 айға созылған. Салдарынан зәбір көрген әйелдің аяғы ауырлап, бала көтерген екен. Шыдамы таусылған ол Нуреттин Гидерді өлтірмеске амалым қалмады дейді. Қанды оқиға тамыз айының соңында орын алған.

Суық қаруланған Невин күйеуінің туысын үйге кіріп келе жатқан жерінен атып құлатыпты. Алғашқы оқтан Гидер тек жараланған. Алайда, зорлаушысының барынша азаптанғанын қалаған әйел оның жыныстық мүшесінен атып салған. Қайтыс болғаннан кейін басын кесіп алып, қаланың орталық алаңына шығыпты.

Невин қолындағы адам басын еш қорықпастан адамдарға қарай лақтырып: "Менің сыртымнан өсектемеңдер, менің арымды таптамаңдар. Міне, менің арыммен ойнаған адаммен не болғаның көріңдер" деп айғайлапты. Қазір Түркия құқық қорғаушылары Невин Йилдиримді кісі өлтіргені үшін қамауға алды. Алайда, күдіктінің өзі болса жасаған әрекеті үшін мүлдем өкінбейтіндігін айтып отыр.

Новости Казахстана
Түркияда әйел өзін зорлаған еркектің жыныстық мүшесін атып, басын кесіп алған
Mailfire view pixel