KZ

Мәдина Сәдуақасова соңғы үлгідегі көліктерді ұнатады

Расcказать Вконтакте

Әнші, жүргізуші қандай көліктерді ұнатады, жолда өзін қалай ұстайды. "Нұр Астана" газетінің тілшісі мұны өнер майталманының өзінен анықтады.

Фото: Нұр Астана

– Білетіндер "Мәдина – жолда жүйткігенді жақсы көретін, жүрек жұтқан жүргізуші" деп жатады.

– Мені танитындар солай деп жатса, мойындамасқа амал жоқ. Шын мәнінде, қара жолда көлікті қатты айдайтынымды мойындаймын.

– Жүргізуші куәлігін алған күні үлкен жолға шығыпсыз ғой…

– Бұл енді өтірік. Соншалықты батыл емеспін. Алайда, кәсіби жүргізуші атанып, куәлігімді алғаныма бір апта толмай тұрып Талдықорғанға қарай тартып кеткенім есімде. Сол кездегі қорыққанмын!…

– Рульге әлі үйренбей жатып жолға жалғыз шығуыңыз қызық екен…

– Иә, сондағы батылдығыма әлі күнге таңғаламын. Тойға шақырған соң, бас тартудан ыңғайсыздандым. Аяқ астынан жүргізушіні қайдан табайын?! Содан көлікке отырып, Құдайыма сыйындым да жүріп кеттім. Талдықорған, Астана, Қарағанды сияқты өңірлерге өз көлігіммен барудың сәті түсті.

– Сіз үшін бұл әдетке айналған секілді?

– Иә, солай. Көлік жүргізушінің қызметін төлеуге қалтам көтерсе де, бөгде адамның жанымда жүргенін ұнатпаймын. Оның үстіне, мен қай кезде болсын, еркіндікке ұмтылатын адаммын. Әрі рульде өзім отырмасам, берекем кетеді. Себебі, мәшине жүргізу – сүйікті кәсібімнің бірі.

– Қандай көліктің иесісіз?– "Лексус RX 350" маркалы автокөліктің.

– Құпия болмаса, оның құны қанша?– Мұндай көліктің қанша тұратыны белгілі, су жаңа күйінде сатып алдым. Олардың нарықтағы бағасынан хабарыңыз бар болса, есептей қоясыз ғой…

–Үлкен көліктер талғамыңызға сай ма?

– Дәл солай. Сосын салоны ыңғайлы жабдықталған, мүмкіндігінше соңғы үлгідегі көліктерді саудалағанды ұнатамын. Бұған дейін осыған ұқсас "Ниссан"-ды жүргізгенмін. Қазіргі көлігім соның жетілдірілген нұсқасы іспеттес.

– Олардың бағасы да қомақты…

– Мақтанды демеңіз, өзімнен ақша аямаймын. Жақсы өмір сүру үшін еңбек етіп жатырмын дегендей. Сондықтан жағдайым келіп тұрғанда, дүниенің қызығын неге көрмеске?! Егер бір көлікті қатты ұнатып қалсам, бүкіл жиған-тергенімді шашудан тайынбаймын.

Мақтанды демеңіз, өзімнен ақша аямаймын. Жағдайым келіп тұрғанда, дүниенің қызығын неге көрмеске?! Егер бір көлікті қатты ұнатып қалсам, бүкіл жиған-тергенімді шашудан тайынбаймын.

– Өзіңіз мінген көліктердің ішінде ең қымбаты қайсы?

– Осы соңғысы. Оны арнайы тапсырыспен алдыртқанмын.

–Сізге жол полициясы тарапынан салынған айыппұлдың ең үлкені?

– Есімде жоқ. Әйтеуір, оған жеткізбеуге тырысамын. Ал ондай бола қалған жағдайда, келесі күні-ақ құтылуға асығамын.

– Жолға шығарда өзіңізге не тілейсіз?

–Алдымен ішімнен "Алла тағала, апаттан аман сақтай гөр!" деп тілеймін. Асыққан күннің өзінде, "бісмілләсіз" жолға шықпаймын.

{also_read}

Новости Казахстана
Мәдина Сәдуақасова соңғы үлгідегі көліктерді ұнатады
Mailfire view pixel