KZ
Велошабандоз Александр Винокуров уақытқа жарыста жоғарғы наградаға қол жеткізе алмады

Велошабандоз Александр Винокуров уақытқа жарыста жоғарғы наградаға қол жеткізе алмады

Расcказать Вконтакте

Бұған дейін Лондон Олимпидасының алтынын қанжығасына байлаған велошабандоз Александр Винокуров, бүгін өткен - уақытқа жарыста жоғарғы наградаға қол жеткізе алмады.

Жекелей сында 55:37:05 уақыт көрсеткен жерлесіміз 23-ші келіп, үздік ондыққа енбей қалды. Қазақстандық спортшы Аслан Базаев 31-орынды місе тұтты. Бірінші орынға Ұлыбритания велошабандозы Брэдли Виггинс (50:39:54) қол жеткізді.

Екінші орын неміс Тони Мартинге бұйырса, үшінші жүлдеге тағы бір британдық спортшы Кристофер Фрум ие болды.

Винокуровтың спорттық өмірбаяны толағай жеңістерге толы. Ол түрлі кәсіпқой командалар сапында өнер көрсетіп, көптеген халықаралық жарыстарда топ жарды. "Тур де Франс", "Вуэльта" және "Джиро де Италия" көпкүндіктерінде жасындай жарқырады. Сидней Олимпиадасында күміс медальді мойнына ілсе, әлем чемпионаттарында бірнеше рет жүлдегер атанды. Енді міне, Олимпиада-2012 жарысында алтын олжалады. Винокуровтың ел спортына сіңірген ерен еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel