KZ
Кейт Миддлтон мен ханзада Гарри ең сәнді адамдар болып танылды

Кейт Миддлтон мен ханзада Гарри ең сәнді адамдар болып танылды

Расcказать Вконтакте

GQ журналы әлемнің ең сәнді адамдарының рейтингісін анықтады. Тізімнің көшбасын британдық ханзада Уильямның әйелі Кейт Миддлтон мен оның қайнысы, ханзада Гарри бастады.

Кембридж герцогиниясы Кейттің портреті журналдың қыркүйек айындағы санында жарияланады. Сән сарапшылары Кейт Миддлтонды сән ағымынан қалыспайды деп есептейді. Сән әлемінің сыншыларын Кейттің қымбат дизайнерлік бұйымдарды аса қымбат емес, қарапайым дүкеннен алынған заттармен үйлестіре алатындығы сүйсіндірген.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Миддлтонның сүйікті брэнді Александр Маккуин бұйымдары екен және ол әлі күнге дейін осы белгінің киімдерін кигенді ұнататын көрінеді. Ең қызығы, Кейт Миддлтонның жары, ханзада Уильям өзінің бауыры, көш басында тұрған ханзада Гарриге қарағанда сәнді киінетін адамдардың қатарына кірмепті.

Айта кетейік, ең сәнді киінетін жұп қатарына британдық актер Колин Ферт пен оның әйелі Ливия кірген, ал киімдегі үлкен ерекшелік атағын 81 жастағы америкалық сәнді фотограф, "Нью-Йорк Таймс" газетінің қызметкері Билл Каннингем алды.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel