KZ
Мұстафа Шоқайды қаралағандар сотта оңбай жеңілді

Мұстафа Шоқайды қаралағандар сотта оңбай жеңілді

Расcказать Вконтакте

Облыстық сот "Флэш" газетінде жарияланған жөнсіз ақпараттарды жоққа шығарып, Бегманов мырзаға 100 мың теңге мо­раль­дық өтемақы төлеп, сот шығындарын қоса жабуға мін­дет­теді.

Өткен жылы ақын, зерттеуші Қасымхан Бегмановтың "Мұстафа Шоқай жолымен" атты деректі фильмінің Өскеменде тұсаукесері өткен еді. Тұсаукесер өткеннен кейін Өскеменде жарық көретін "Флэш" атты газеттің бас редакторы Денис Данилевский мен Сергей Михеев өз басылымдарында Мұстафа Шоқайды "фашистермен сыбайлас" деп қаралап, екі бірдей мақала жариялаған болатын.

Осыдан кейін Қасымхан Бегманов Өскемен қала­лық сотына шағымданған-ды. Бірақ қалалық сот Мұс­тафа Шоқайды қаралап мақалалар жазған "Флэш" газетінің айыптары дұрыс деген шешім шығарған болатын. Бұдан соң қалалық соттың негізсіз шешіміне қанағаттанбаған Қасымхан ағамыз Шығыс Қазақстан об­лыстық сотына шағым түсірген-ді. Жақында об­лыс­тық соттың отырысы өтіп, ақын өзінің табандылығының арқасында сотта жеңіп шықты.

Облыстық сот "Флэш" газетінде жарияланған жөнсіз ақпараттарды жоққа шығарып, Бегманов мырзаға 100 мың теңге мо­раль­дық өтемақы төлеп, сот шығындарын қоса жабуға мін­дет­теді. "Ең бастысы – өтемақы өндіруде емес, Мұс­та­фаның кінәсіз атын ақтап алу", – дейді Қасымхан Бегманов.

"Күнде әртүрлі соттар болып жатыр, бірақ Тәуел­сіздігіміздің 20 жылдық тарихында Алаш көсемі үшін алғаш соттасқан жалғыз қазақ – ақын, зерттеуші Қа­сым­хан Бегманов", – деген еді тарих ғылымының док­торы, профессор Мәмбет Қойгелді ағамыз. Иә, тарихшы сөзінің жаны бар. Қазақта түгенделмей жат­қан дүние аз ба? Бұл ретте Қасымхан Бегмановтан әрқайсымыз үлгі алсақ, нұр үстіне нұр болары анық.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel