KZ
Шымкентте көліктің нөміріне "Орта жүз" деп жазып қойыпты (фото)

Шымкентте көліктің нөміріне "Орта жүз" деп жазып қойыпты (фото)

Расcказать Вконтакте

Шымкентте автокөлік нөміріне қатыс­ты елде жоқ жаңалық пайда болды. Оның жақын күндері мемлекет қолға алғалы жатқан жаңа нөмірлерге ешқандай да қатысы жоқ.

Бүгінде Шымкент көшелерінде мемлекеттік нөмі­рі­нің астыңғы жағына "Орта жүз" деп әдемілеп жазып қой­ған "Опель" көлігі жүйткіп жүр. Біз оны Қазыбек би көшесінің бойынан өтіп бара жатқан кезінде байқап қалдық.

Жүргізушісі жас жігіт екен. Бірақ ол бұл ісіне ұялмайтын сияқты. Бұл жігіттің қашаннан бері "Орта жүз" деген жазумен­ жүргені бізге беймәлім. Олай болса, заңға қайшы мұн­дай сорақылықты жол полициясы қызметкерлері қалай көрмеген?

Бұған көзжұмбайлықпен қарайтын болсақ, көп ұзамай көлік мінгендер нөмірлерінің жанына аты-жөні мен руын жазып қоюдан тайынбайтын шығар.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel