KZ
Лондон Олимпиадасының ашылуын өзге планеталықтар тамашалады

Лондон Олимпиадасының ашылуын өзге планеталықтар тамашалады

Расcказать Вконтакте

Лондондағы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі барысында бейнекамераға көкте қалықтаған ұшатын табақшаға ұқсас әлдебір құбылыс түсіп қалған. Бұл YouTube де жарияланды.

Салтанатты рәсімді әлемнің әр шалғайында бір миллиардтан астам адам тамашалаған. Солардың қатарында басқа планеталықтардың да болуы жұрттың жағасын ұстатып отыр. Кейбір интернет пайдаланушылар оны Лондон үстіндегі Goodyear жарнама дирижаблі екендігін айтады.

Бұған дәлел ретінде Examiner.com порталы арнайы түсірілген бейне көріністерді ұсынған. Дирижабльдер түнде телеарналарға жаңалықтар түсіру мақсатында көкке көтерілген. Қысқасы, ғажап құбылыс төңірегінде қызу әңгіме жүріп жатыр.

Ұшатын табақшаларды зерттеп жүрген британдық сарапшы Ник Поуп осындай бұқаралық шаралар басқа планетадан келушілерді әбден қызықтыруы мүмкіндігін айтады. Олар біздің психологиямызды зерттеу үшін ірі оқиғалар кезінде жерге жақындауы әбден мүмкін көрінеді. Мұндай болжамды қорғаныс министрлігі де жоққа шығармай отыр.

Ваша реакция
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel