KZ
Алматы әкімдігі арнайы операция кезінде зардап шеккен үйлерді жөндеп береді

Алматы әкімдігі арнайы операция кезінде зардап шеккен үйлерді жөндеп береді

Расcказать Вконтакте

"Ақкент" шағын ауданында атыс кезінде зиян келген үйлерді жөндеуді қала әкімшілігі өз мойындарына алып отыр. Әкімдік қызметкерлері зақым келген үйлердің тізімін жасап, шығын көлемін есептеуге кіріскен.

Алатау ауданы көріктендіру бөлімінің бастығы Мұқан Алмасаевтың айтуынша, аудан әкімінің тапсырмасымен келіп, зардап шеккен пәтерлерде болған жағдайларды қағаз жүзінде есептеп, жұмысқа кіргізу жөнінде тапсырма алған. Тез арада пәтерлерін қалпына келтіру бүгін-ертең қолға алынады деді ол.

Қылмыскерлер жасырынған 4-қабаттың асты мен үстінде орналасқан үйлердің есік-терезесімен қатар, дүние-мүлкіне де зиян келген. Жарылыс салдарынан пәтерлердің қабырғалары қақырап, есік-терезесі қираған. Атылған оқтардан керегелері шұрық-тесік. Бұл үйлердің тұрғындары қазір уақытша басқа жерге орналастырылған. Әкімдік тек пәтерге келген шығынды қалпына келтіруге уәде беруде. Дүние-мүліктері де бүлінген тұрғындар бұған наразы.

Гүлнария Шаймұханова, зақым келген үйдің иесі:

- Бұл жерге кемінде біз 7-8 мың доллар жұмсағанбыз. Еще мебеліміз бар мына жерде. Енді акимат восстановить етеміз, только дүниені ущерб жасамаймыз деп жатыр. Ана дүние алуға ешқандай ақша бөлінбейді, тек қана сыртын жасап берем, болды деп отыр. А мынаны көрдіңіз ғой, каркастың барлығы қандай болып жатқанын.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel