KZ
Құралай Нұрқаділова: Менің формаларымда қате жоқ

Құралай Нұрқаділова: Менің формаларымда қате жоқ

Расcказать Вконтакте

Ауыр атлетика бойынша жарыстар туралы жеңісті телерепортаж барысында, телекамералар отандық олимпиада спортшыларының формасындағы "KAZAKHSTAN" жазуының орнына өрескел орфографиялық қатемен "KZAKHSTAN" ірі жазуын бірнеше рет көрсетті.

Бұл миллиондаған қазақстандық жанкүйерлерді ұлттық қорлау болып көрінеді деп мәлімдеді Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедке жазған хатында. Сондықтан депутат бұл оқиғаның тексеріліп, кінәлі адамдардың жазалануын сұрайды.

Құралай НҰРҚАДІЛОВА, Олимпиада спортшылары формасының дизайнері:

- Қате болуы мүмкін емес! Қазақстан деп жазылған! Қайдағы Кзстан? Менің формаларымда қате жоқ! Футболкаларды мен жасаған жоқпын! Менің киімдеріме көйлек пен күртеше кіреді. Спорт киімін көбі парад киімімен шатастырады. Мен парадқа киетін киімдерді жасадым. Оны тек олимпиада ашылуында ғана киеді. Ал спортшылардың күнделікті киетін жай спорт киімдерін, оның ішінде футболкаларды кімдер жасағанын білмеймін.

Дегенмен футболкадағы қате жазудың сыры мәлім болған секілді. Бұл туралы Vesti.kz сайтына Штаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының баспасөз-хатшысы Ардақ Тогумов хабарлаған. Баспасөз қызметкерінің айтуынша, әріп қателері бар 4-5 футболка қоймада жатқан. Олар бөлек алынып қойылған. Бірақ "қас қылғанда қойма меңгерушісі сол кезде ауысыпты".

Футболкадағы қателікті байқағандар дер кезінде оларды қайтарып берсе, ауыр атлетика бойынша аға жаттықтырушы Виктор Ни мен Мая Манезаның жеке жаттықтырушысы "KAZAKHSTAN" орнына "KZAKHSTAN" жазуы бар футболканы "байқаусызда" Лондон олимпиадасына киіп кеткенін айтады баспасөз қызметкері.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel