KZ
Алматыда жезөкшелердің қызметін тоқтатуды талап етті

Алматыда жезөкшелердің қызметін тоқтатуды талап етті

Расcказать Вконтакте

Алматыда бірнеше үйдің тұрғындары жеңіл жүрісті қыздардан мезі болдық деп шу көтерді. Айтуларынша, ауладағы екі қабатты ғимарат түнгі көбелектердің қызмет көрсететін орнына айналған деп хабарлайды КТК арнасы.

Әрі тәулік бойы есігі айқара ашық тұратын нысанның маңайынан ине мен басқа да қалдықтардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал тұрғындардың ескертуіне клиенттер қоқан-лоқымен жауап қайтарады екен.

Ашынған Алматыдағы ықшамаудан тұрғындары кеш батып, қас қарайғанда сыртқа шығуға зар болып отыр. Себебі көпқабатты үйлердің ауласындағы мына ғимарат "жезөкше" деген жиіркенішті атаудан қаймықпайтын қыздардың ордасына айналған.

Айтуларынша, түнгі сағат 10-нан бастап таңғы 4-5-ке дейін айқай- шу, күнде төбелес орын алады екен. Балаларды сыртқа жіберуден қалыпты. Келіп жатқан жігіттердің ішінде тең жартысы 14-15 жастағы кәмелетке толмаған балалар дейді.

Тұрғындар тәнін саудалаған қыздарға тиым салуды өтініп, құзырлы мекемелердің табалдырығын талай тоздырыпты. Алайда, "оларға айта-айта жағымыз, жаза-жаза қолымыз талды" дейді мұндағы жұртшылық.

Тәуліктің кез-келген уақытындаесігі айқара ашық тұратын нысанның маңайынан медициналық ине мен мүшеқаптан аяқ алып жүру мүмкін емес. Тіпті, тұрғындар мұнда әскери киімдегі адамдардың да тұрақты түрде келіп тұратынын жасырмайды.

Андрей Соболев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен тіпті, бұл жерге бір бөлімше әскери киімді адамдардың кіріп бара жатқанын көрдім. Барлығы 15 адам. Әрқайсысы кезекпен кіріп жатты. Қазір ешнәрсеге таңқалмайтын болдық.

Журналистер келеді дегеннен алдын-ала хабардар болды ма, ғимараттың есігі екі күннен бері тарс жабық. Тіпті оны ашпаққа әрекет жасаған тәртіп сақшыларының да ісі нәтижесіз аяқталды. Ал тұрғындар жеңіл жүрісті қыздардың ордасы біраз уақыттан кейін қайта жандана ма деп қамығулы.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel