KZ
Түркияға демалуға кеткен тағы бір отандасымыз
қайғылы оқиғаға ұшырады

Түркияға демалуға кеткен тағы бір отандасымыз қайғылы оқиғаға ұшырады

Расcказать Вконтакте

Түркияға демалуға кеткен павлодарлық Александр Екидин Анталиядағы қонақүйдің балконынан құлап мертігіп қалды. 6 күннен бері ес жия алмай жатқан отандасымызға шұғыл операция қажет деп хабарлайды КТК арнасы.

Түрік дәрігерлері оны 17 мың АҚШ долларына жасауға да әзір екен. Алайда бар қаржыларын ақылы ауруханаға жұмсаған науқастың туыстары енді көмекті үкіметтен сұрап отыр.

Туыстарының айтуынша, жағдайы тым нашар - бүйрегі істемей қалыпты. Қазірдің өзінде Анталия ауруханасында 6 күннен бері жатқаны үшін Екидиндер 2 млн теңге қарыз.

Қайғылы оқиға осыдан бір апта бұрын Анталияның көрікті отельдерінің бірінде болған. Кешкілік бөлмесіне оралған 60 жастағы Александр балконнан құлап мертігіпті. Дереу ауруханаға жеткізілген отандасымыз содан бері комада жатыр. Анталиялық дәрігерлер Александрдың сау-сүйегі қалмаған дейді. Миы шайқалып, бүйрегі езілген. Сақтандыру компаниясының ақшасы тек ақылы ауруханадағы екі күнді төлеуге ғана жетіпті. Ал науқасты елге жеткізетін ұшақ – 30 мың еуро.

Бар жағдайды өз қадағалауына алған Анталиядағы Қазақстан өкілі әзірге келіссөздер жүргізіп жатыр. Түркиядағы ҚР консулы Бауыржан Әбдірахмано телефон арқылы арнаға берген сұхбатында "Түрік заңдарына сәйкес, егер сақтандыру компаниясы түк төлемесе, онда науқасқа медициналық көмек те көрсетілмейді. Ал Екидиндердің сақтандыру қорынан алған ақшалары таусылып қалды. Сондықтан біз қазір түрік дәрігерлерімен қарыз болған соманы төмендету бойынша келіссөздер жүргіземіз", - деді.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel