KZ

Бүгінгі жастар жеті атаны біле ме

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бүгінде жеті түгілі, он жеті атадан асып кеткен жастардың бір-бірін сүйгенмен, қосылуға қол жеткізуі қиын.

Сонау бір жылдары бір-бірін сүйген Ханрай мен Болат есімді екі жастың құдалығына куә болған жәйт оралды. Межелі уақыт жетіп, қызға құда түсуге күйеу жігіттің туысқандары келді. Бұл жақтан да ағайын-тума, жекжат жиналды. Бір-бірімен жөн сұраса келгенде, үйленуге бел байласқан жандардың бір рудан екені мәлім болды.

Дәл осы кезде жаңа ғана мәз-мәйрам болып отырған үлкендер жағының көңілдері бір сәтте су сепкендей басылды. Көңілде "Бұл қалай?", "Неге ата-аналары білме­ген?" деген сауал. Бірақ бәрі де кеш еді...

Осының өзі бүгінгі отбасыларда орын алып отырған тегімізге қа­тысты ол­қылықтарды алдымызға жайып­ салғандай. Өкінішке орай, қазіргі өскелең ұрпақтың басым бөлігінің жеті атасының атын атай алмайтынды, шыққан тегі­нен мүлдем бейхабар екені жасырын емес.

Бұл, біріншіден, жастайынан баласының құлағына жеті атасына қатысты мәліметті сіңірмеген ата-ананың кінәсі болса, екіншіден, мектеп қабырғасындағы оқушыға берілетін халықтық тәрбиенің олқы түсіп жат­қандығын аңғартса керек. Ертеде екі адам кездесе қалса, алдымен мал мен жанның амандығын, артынша бір-бірінің шыққан тегі мен руын сұрайтын.

Бұл халқымыздың қан тазалығын сақтау тұрғы­сындағы бас­ты ұстанымы. Ықылым заманнан бері жеті санына немқұ­райлы қарамайтын қазақ халқының бір-бірімен қыз алысып, қыз берісуде өте кірпияз, мұқият болғандығының көрінісі.

Бұл бүгінгі медицина тілімен айтқанда, өз ұрпағының денінің саулы­ғы мен текті ұрпақтың дүние есігін ашуына аталарымыз бен әже­леріміздің алдын-ала жасаған қам-қарекеті. Олай болса, кім-кімнің де жеті атасын тарқатып, тегін тануына мұрындық болайық.

Новости Казахстана
Бүгінгі жастар жеті атаны біле ме
Mailfire view pixel