KZ

Ақмола облысындағы жол апатында 4 адам тірідей өртенді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Тағы екі адамның өмірі қыл үстінде тұр. Қазір олар дәрігерлердің қарауында.

1tv.kz сайтына Ақмола облысының ІІД-сінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 25 шілдеге қараған түні Ақмола облысының Атбасар ауданында, Алматы-Екатеринбург тасжолының 1032-ші шақырымында "Тойота Ленд Крузер" джипінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, "КамАЗ" жүк көлігімен соқтығысты.

Бірнеше секундтан кейін джипке өтіп бара жатқан "Тойота Прадо" көлігі кеп соғады. Екі көлік те өрт құшағында қалды. Қайғылы апат салдарынан 4 адам тірідей өртеніп, ауыр жарақат алған екеуі ауруханаға жеткізілді.

Сараптамалар тағайындалып, қаза тапқандардың тұлғасы анықталып жатыр. Айта кетейік, жылдың басынан бері Ақмола облысында 318 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 59 адам қаза тауып, 438-і түрлі дәрежеде жарақат алған.

Новости Казахстана
Ақмола облысындағы жол апатында 4 адам тірідей өртенді
Mailfire view pixel