KZ

Алматы автобустарында қызмет көрсету деңгейі өседі

Расcказать Вконтакте

Оңтүстік астанадағы автобустарда жолақының көтерілуі қала тұрғындары тарапынан наразылық тудыруда.

Көпшілік наразылықтарын кондукторлар мен жүргізушілерге білдіріп жатыр. Бір кондукторды жолаушылар тіпті төпелеп тастапты.

i-News.kz хабарлағандай, енді тасымалдаушылар жоғары бағаға сәйкесінше жоғары қызмет деңгейін ұсынамыз деп, сендіруде. Ол үшін оңтүстік астанада кондукторлардың қалыпқа сай киініп, жолаушылармен әдепті сөйлесуін бақылайтын тексерушілер тобы құрылатын болады.

"Кешегі күнмен салыстырсақ, айырмашылық – жер мен көктей. Кеше заңбұзушылық көп болды, темекі шегілді, қалыпқа сай киінбеді. Біз оларға ескерту жасадық. "Ертең келіп, дәл сені тексереміз" дедік. Ал бүгін жағдай түзелген, ескерту де жасамадық", - деді тексерушілердің бірі Босхан Алахунов.

Айта кетейік, алматылық автобустарда кондукторлардың жолаушылармен әдепті қарым-қатынас орнатуын кондукторлар бір ай бойы бақылайтын болады.Тәртіпбұзушылықтар көп тіркелген автобустар рейстен алып тасталынады.

Новости Казахстана
Алматы автобустарында қызмет көрсету деңгейі өседі
Mailfire view pixel