KZ

Қазақстанда есепке ерте тұрған жүкті әйелдерге қосымша жәрдемақы төленеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Жүктілік кезеңінің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұрған әйелдерге қосымша жәрдемақы беріледі. Бұл туралы BNews.kz сайты хабарлайды.

"Бірінші, екінші, үшінші бала туғанда мемлекет беретін жәрдемақы көлемі анықталған. Біз бұл ынталандыру бөлігін қосымша ұлғайтуды ұсынып отырмыз. Егер әйел 12 аптаға дейін медициналық ереже бойынша есепке тұрса және 9 айдың ішінде дәрiгерлердiң нұсқаулығын толығымен орындаса, мемлекет белгілеген жәрдемақыдан басқа өз денсаулығына немқұрайлы қарамағаны үшін үстемақы түрінде қандай да бір пайыз қосылады. Қанша пайыз болатынын біз қазір қарастырып жатырмыз. Жоба әзірленіп жатыр", - деді Байжүнісов.

Новости Казахстана
Қазақстанда есепке ерте тұрған жүкті әйелдерге қосымша жәрдемақы төленеді
Mailfire view pixel