KZ

КСРО туын іліп қойғаны үшін тұтқындалды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Вильнюстік зергер Арвидас Гурявичюс өз балконына Кеңес одағы мен кеңестік Арменияның туларын іліп қойғаны үшін тұтқындалды, деп хабарлайды Лента.ру Delfi.lt.-ға сілтеме жасай отырып.

Оған кеңестік рәміздерді ашық түрде дәріптеуге тыйым салған заңды бұзды деген айып тағылуда. Оқиға 22 шілдеде, жексенбі күні орын алған. Ал 21 шілде Литваның КСРО құрамына кірген күні ретінде тарихта қалған болатын. Алайда, Гурявичюс туларды басқа мақсатта ілгендігін айтып ақталуда.

Зергердің айтуынша, ол жексенбі күні базарға барып, сол жерде кездейсоқ бір коллекция жиюшымен танысқан. Ол өз кезегінде бұдан кеңестік туларды сатып алмақшы болады. Сөйтіп екеуі зергердің үйіне келіп, бөлменің іші тар боғандықтан, туларды анығырақ көру үшін балконға шығарып ілген-мыс.

"Дәл сол кезде зергердің дос құрбысы телефон шалып, синагога жақта тұрғанын, қолында ауыр сөмкелері бар екенін айтып, көмекке шақырған, - деп жалғастырады оқиғаны жергілікті БАҚ. - Зергер құрбысына көмектесу үшін далаға асығыс шығып кетіп, қайтып оралса, сатып алушының орнында полицейлер отырған".

Кейін білгілі болғандай, Вильнюстің бір тұрғыны балконда ілініп тұрған кеңестік туларды көріп, қатты ашуланған. Полицияны шақырған да сол екен. Зергер жергілікті полиция бөліміне жеткізіліп, әкімшілік жауапқа тартылды. Енді ол 500-1000 лит (175-350 доллар) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Литвада кеңестік және нацистік рәміздерді дәріптеуге 2008 жылдан бастап тыйым салынған. КСРО туы, сондай-ақ орақ пен балға, қызыл бесбұрышты жұлдыз сияқты кезіндегі кеңестік символикалар Литвада заңмен қудаланады. Тіпті, кеңестік басшылардың портреттеріне де мұнда қатаң тыйым салынған.

Новости Казахстана
КСРО туын іліп қойғаны үшін тұтқындалды
Mailfire view pixel