KZ

Павлодар жағажайында мас жүргізушілер көліктерімен жарысқан

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Павлодарда араққа сылқия тойып алған екі жігіт жол талғамайтын көлікпен өзенді бойлай жарысып, жағадағы елдің зәресін алды деп хабарлайды КТК арнасы.

Ертіс жағажайында болған бұл көріністі сондағы демалушылардың бірі ұялы телефонға түсіріп алыпты. Тура шомылатын жерде жүйткіген джиптегілер алдарындағы балаларды да елемесе керек.

Шомылып жүргендермен қол созым жерден өткен темір тұлпар осылайша бірнеше айналым жасаған. Демалушылар көлікке бөтелке, тас лақтыра бастағанымен, тентектер бірден тоқтаған жоқ.

Тіпті соңынан жұртқа қару кезеніп, қоқан-лоқы көрсетіпті. Шыдамдары шегіне жеткен демалушылар ақыры бұзақыларды таяқтап қуып шықты.

Новости Казахстана
Павлодар жағажайында мас жүргізушілер көліктерімен жарысқан
Mailfire view pixel