KZ

Өскеменді жағымсыз иіс жайлады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Өскемен қаласын бірнеше күнен бері жағымсыз иіс жайлап алды. Мүңкіген иістің күннен күнге өршіп бара жатқандығы қала тұрғындарының наразылығын тудыруда деп хабарлайды КТК арнасы.

Алайда әкім-қаралар бұл иістің қайдан келіп тұрғандығын өздері де нақты біле алмай дал. Айтуларынша, қалада ешқандай кәріз құдығы жарылмаған, сондай-қ өндіріс ошақтары да ауаға ешбір жағымсыз қоспа таратпаған көрінеді.

Дегенмен жұрт "қала басшылығы осылай қамсыз отыра берсе, қандай да бір індеттің басталмасына кім кепіл береді" деп алаңдаулы. Қаланың шет жағында тұратын тұрғындар шыбын өлтіретін білтешелердің күніне 50 данасын сатып алатын көрінеді.

Сонымен қатар тұрғындардың бастары айналып, көздері қарауытатын болыпты. Қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үй тұрғындарының басында да осындай жағдай.

Алайда "Біз нағыз індетті жұтып жатырмыз" деп шырылдаған тұрғындарға шенеуніктер назар аударар емес. Сасық иісті тек кейбір дүкендер ғана пайдаға асыруда. Өйткені шыбын-шіркей уландыратын заттармен қоса ауаны хош иістендіретін қоспалар қазір ең өтімді тауарға айналыпты.

 Гүлфариза Рамазанова, Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:

- Әрине мен де осы қаланың тұрғынымын, әкімдік те қаланың ішінде тұр ғой, иіс келеді бізге де. Бірақ бұл келеңсіздіктің нақты себебін әлі біле алмай жатырмыз. Жағымсыз иістің себебін төтенше жағдайлар қызметі де халыққа түсіндіре алмай жатыр.

Олардың айтуынша күні-түні қоңырау шалған жұрт тек осы сұрақты қоюда екен. Сөйтіп онсыз да ауасы ластанған Өскеменнің дәл осы қалыпта енді қанша күн тұратыны белгісіз. Өйткені әзірге арнайы комиссия болып, мәселені зерттеп жатқан да ешкім көрінбейді.

Новости Казахстана
Өскеменді жағымсыз иіс жайлады
Mailfire view pixel