KZ

Мәскеуде Абайдың өлеңдер жинағы екінші рет басылып шықты

Расcказать Вконтакте

сы апта басында Мәскеуде үш мың тиражбен Абай өлеңдерінің жинағы басылып шықты. Бұл турасында Азаттық тілшісіне ресейлік ""Альпина нон фикшн" баспасының жетекшісі Павел Подкосов хабарлады.

"Үш мыңдық жаңа тираж қатты мұқабада бүгін басылып шықты. Апта ішінде Ресейдегі ірі дүкендерге таратамыз деп ойлаймын. 10-12 күннің ішінде кітап Қазақстанда да пайда болады" дейді Павел Подкосов.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың маусым айында аталмыш баспа 3000 данамен Абайдың таңдамалы өлеңдер жинағын басып шығарған болатын. Жинақ ол кезде тек Мәскеудің кітап дүкендерінде сатылған және санаулы күндер ішінде сатылып кеткен еді.

Баспа басшыларының айтуынша, Абай Құнанбаевтың "Таңдамалысы" ресейліктер арасында үлкен сұранысқа ие. Кітап жарыққа шығысымен алғашқы күні бүкіл тираж сатылып кеткен. Мәскеудің кітап дүкендерінде аталмыш жинақ 250 рубльден (шамамен 8 доллар) сатылыпты.

Ұлы ақынның есімі рунет тұтынушылары арасында оппозиция жетекшілерінің бірі Алексей Навальныйдың Twitter желісінде Абайды "түсініксіз қазақ" деп жазғанынан бастап кеңінен танымал болған еді.

Новости Казахстана
Мәскеуде Абайдың өлеңдер жинағы екінші рет басылып шықты
Mailfire view pixel